Сақ болыңыз: хакерлер мұғалімдерді нысанаға алды

16.10.2025 13:28

АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шекті

Depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шетелдік дереккөздерге сәйкес бірқатар кибершабуылдар нәтижесінде АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шекті.

Интернет – алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы, ақша ұрлаған.

Алаяқтықтың бұл түрін басқа елдерге бейімдеу мүмкіндігі бар.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін мыналарды ұсынамыз:

  • сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
  • күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.

Оқи отырыңыз: Астанада қонақүй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды