Білім бәйгесіне барлығы 16 оқу орны қатысып, оның төртеуі шешуші кезеңге жолдама алған
Алматыда студенттер бақ сынасқан «Sana Q» зияткерлік шоуының гранд-финалы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Білім бәйгесіне барлығы 16 оқу орны қатысып, оның төртеуі шешуші кезеңге жолдама алған. Жоба аясында жастар ел тарихын, мәдениетін, дәстүрі мен мемлекеттік тілдің маңызын насихаттауға бағытталған тапсырмаларды орындады. Мұнымен қоса, ойында олардың аналитикалық ойлауы, жылдам шешім қабылдауы ескерілді. Жүлде қоры - 1 миллион теңге.
«Жобаның мақсаты – «Sana Q» интеллектуалды зияткерлік ойыны Алматы қаласының ең интеллектуалды жастарын ең дарынды жастарын анықтау. Яғни, саналы интеллекті жастардың жиналған ортасы. Жобаға 16 ЖОО-дан өтінім түсті. Іріктеліп, үздік деген 4 жоғарғы оқу орны өз арасынан үздіктерді анықтайды», – деді «Алматы студенттері альянсы» КҚ төрағасы Айболат Нығметжанұлы.
Оқи отырыңыз: ДСМ неліктен емханаларды қаржыландыру тәртібін өзгертті