Шарын ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін тазқара құсы таспаға түсіп қалды

instagram.com/sharyn___official
instagram.com/sharyn___official

Тазқара – табиғаттағы санитар қызметін атқаратын ірі жыртқыш құс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғатты қорғау іс-шаралары барысында сирек кездесетін жыртқыш құс – тазқараның (Aegypius monachus) ұясындағы балапанды бейнекадрға түсірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тазқара – табиғаттағы санитар қызметін атқаратын, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын ірі жыртқыш құс. Ол негізінен таулы және жартасты өңірлерде ұялап, әр маусымда көбіне бір ғана балапан өсіреді.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік инспекторлар сирек кездесетін жануарлар мен құстарға тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Оқи отырыңыз: Шымкентте атмосфералық ауаны ластаған кәсіпорындарға бақылау күшейтілді