Сауд Арабиясынан 343 отандасымыз елге жеткізіледі

03.03.2026 13:27

СІМ ең алдымен тізімге әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар, 60 жастан асқан азаматтар, сонымен қатар нақты бір ауруы бар тұлғалар енгізілген

Almaty.tv

4 наурызда Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 343 отандасымызды елге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті,  деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ертең Жиддадан Қазақстанның 343 адамы жеткізіледі. Бұл — ұшып келетін алғашқы топ", — деді министр орынбасар Үкімет отырысынан кейін.

Оның мәліметінше, ең алдымен тізімге әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар, 60 жастан асқан азаматтар, сонымен қатар нақты бір ауруы бар тұлғалар енгізілген.

"Балалардың жалпы санын қазір айта алмаймын. Өйткені, әлі толық жасақталып болған жоқ. Біз адамдарымызды Жидда мен Маскат қаласына шоғырландырып жатырмыз. Олар бортқа отырғаннан кейін ғана нақты саны белгілі болады", — деді Әлібек Бақаев.

Оқи отырыңыз: Таяу Шығыс елдеріндегі отандастарымызды әуе компаниялар елге жеткізуге дайын