Сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 1 мыңға жуық дерек анықталған

t.me/KZgovernment
t.me/KZgovernment

ТЖМ жыл басынан бері 63 сауда нысанын тексерген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметте өтіп жатқан дәстүрлі баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев журналистердің өрт қауіпсіздігі туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

БАҚ өкілдерімен бұл жолғы кездесу Мемлекет басшысының өңірлік даму, су ресурстары және ирригация салаларына қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

ТЖМ өкілі «Big Шанхай» базарында болған өртті мысалға келтіре отырып, өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында үлкен аумақтағы өртті уақытында оқшаулау мүмкін болғанын атап өтті. Бүгінде өрт себебін анықтау бойынша сараптама жүргізіліп жатқанын және осы айдың соңына дейін қорытындысы дайын болатынын хабарлады.

«2023 жылы мораторий болғандықтан біз үлкен сауда үйлерін жаппай тексерген жоқпыз. Одан басқа уақытта 2 мың шаршы метр аумақтан астам жерді алып жатқан сауда үйлерін жыл сайын тексеріп келеміз. Осы жылы сондай 63 сауда нысанын тексердік. Өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 941 дерек анықталды. Қазіргі кезде салалық заңға көп өзгерістер енгізілген. Соның біреуі – көп адам жиналатын, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары сақтандыруға жатады. Осындай оң өзгерістер өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады деп олаймын»,— деді төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев.

Оқи отырыңыз: Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

Новости партнеров