Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі жарияланды

27.03.2026 14:18

Сот қатысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы туралы істі қарады

Аlmaty.tv

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Г. Рахмоноваға қатысты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 345-бабының 4-бөлігі), деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 27 шілдеде сағат 8:30 шамасында Г. Рахмоноваға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Алматы - Екатеринбург тасжолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін басқарған. Шаршаңқы күйде болған ол жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, артынша көлігі аударылып кеткен.

Оқи салдарынан 2 жолаушы (сотталушының досы мен әпкесі) өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан қаза тауып, сотталушының өзі ауруханаға жатқызылды.

Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімі

Сотта  сотталушы Г. Рахмонованы 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар екенін ескерілді, сондай-ақ басқа ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

"Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген Жамбыл облысының ҚІжМАС баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Алаяқтардан сақ болыңыз: тұрғын үй рәсіміне қатысты кеңес