Шексіз махаббат: «Алматы» телеарнасынада көрерменге түрік телехикаясы жол тартады

26.03.2026 20:57

«Алматы» телеарнасы көрермендерін тағы да қуантпақ. Жақында көрерменге «Шексіз махаббат» деп аталатын түрік телехикаясы жол тартады 

Туындыда өткеннің жарасы мен бүгіннің таңдауы арасындағы күрес бейнеленеді. Рөлдерде Дениз Джан Акташ, Мирай Данер және Биран Дамла Йылмаз сияқты танымал жұлдыздар ойнады. Оқиға желісі бойынша басты кейіпкер Халил Ибрагим бала күнінде әкесінің өліміне куә болып, туған жерінен жырақ кетуге мәжбүр болады. Арада жылдар өткен соң отанына оралып, қайғысын ұмытып, сүйгенімен бақытты болуды армандайды. Алайда оның бұл қадамы оңайға соқпайды.

Оқи отырыңыз: «Архитектор» бағдарламасы: Алматы-1 вокзалы қалай жаңғырып жатыр