Әсел Жанасова ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

primeminister.kz
primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әсел Жанасова ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін.

 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.   

2010-2014 ж.ж. - Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры.   

2014-2016 ж.ж. - ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.  

2016-2017 ж.ж. – «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 ж.ж. - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі   

2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Марат Қарабаев ҚР Көлік министрі лауазымынан босатылды

Новости партнеров