Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Абай облысына қарасты Бородулиха ауданында орман өрті тұтанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аbainewskz Тelegram-арнасының хабарлауынша, өрт Семей қаласынан шамамен 100 шақырым жерде орналасқан Жерновка елдімекені маңында шыққан.
«Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды. Бұл ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады. Қазіргі таңда мамандар қызыл жалынды ауыздықтауға күш салып жатыр. Ресми мәлімет кейінірек ұсынылады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген екі баланың жағдайы белгілі болды