Күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, бас бостандығынан айырылды
Абай облысы Бесқарағай ауданында 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
«Тексеру нәтижесінде «Семей орманы» РММ Долон филиалының аумағынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
2025 жылғы 21 мамырда Курчатов қаласының соты үкім шығарып, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, олар мүлкін тәркілеусіз 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті