Ескерткіште «Семей орманы» резерватының ержүрек орманшылары туралы жазылған
Семей қаласының маңында былтыр алапат орман өртінен қаза тапқан орманшылардың құрметіне ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аlashtimeskz телеграм-каналының хабарлауынша, ескерткіштің ашылу салтанаты Михайловка мен Камышенка ауылдары арасындағы трассада өтті.
«Шараға қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстары, мемлекеттік органдардың өкілдері және жергілікті жұртшылық қатысып, гүл шоқтарын қойды», - делінген хабарламада.
Ескерткіш авторы тарихи тұлғалардың ескерткіштерімен танымал мүсінші – семейлік Нұрбол Қалиев болды.
Гранит тұғырға орнатылған биіктігі сегіз метрлік ескерткіш «Семей орманы» резерватының ержүрек орманшыларын еске алып, өрт апатына қарсы күреске қорықпай кіріскені айтылады.
Қоладан жасалған ескерткіш қаза тапқандардың мүсіндерін бейнелейтін рельефтермен безендірілген, бұл олардың ерлігі мен жанқиярлығына мәңгілік ризашылықты білдіреді.
Еске салайық, 2023 жылдың 8 маусымында Абай облысындағы қарағайлы орманнан өрт шығып, арты алапат апатқа ұласқан болатын. Қайғылы жағдай салдарынан 15 орманшы қаза тапты.
2023 жылдың 12 маусымында Қазақстанда «Семей орманы» резерватында болған ауқымды өртте қаза тапқандар үшін жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Оқи отырыңыз: Жітіқарадағы 5 бала көз жұмған өрт: облыс басшысы мәлімдеме жасады