Семейде автобус жүргізушісіне қол көтерген адам ұсталды
Фото: ҚР ІІМ
Аталған факт бойынша іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семейде полиция қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген 45 жастағы азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.
Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген.
Аталған факт бойынша іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданады.
Полиция кез келген құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ер адам сүйіктісімен ренжісіп, көлігін өртеді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06