Семейдегі биологиялық орталық австралиялық кенгурулермен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі alashtimeskz-ке сілтеме жасап.
Облыстық балалар биологиялық орталығы жануарлар топтамасының тағы бір жаңа түлікпен толыққанын хабарлады. Бұл жолы биоорталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әрі ерекше мекендеушілер — австралиялық кенгурулер пайда болғаны айтылды.
«Бұл таңғажайып жануарлардың біздің орталықта пайда болуы — біз үшін үлкен қуаныш. Кенгурулер келушілеріміздің, әсіресе балалардың ерекше қызығушылығын тудырып, оларға қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз. Олар — балалардың да, ересектердің де назарын бірдей аударатын Австралия фаунасының таңғажайып өкілдері», — деп атап өтті биоорталықта.
Оқи отырыңыз: Марқакөл орман шаруашылығында табиғи өрт сөндіріліп жатыр