Сенім диалогы: Алматыда оқушылармен кездесу ұйымдастырылды

Іс-шараға әкімдік пен прокуратура өкілдері, қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында оқушыларға арналған «Сенім диалогы» атты мотивациялық кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға әкімдік пен прокуратура өкілдері, қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері, «Жаңа Ұрпақ» республикалық көшбасшылық мектебінің сарапшылары мен спорттық клуб мамандары қатысты. Кездесуде оқушыларға құқық бұзушылық пен зиянды әрекеттердің, оның ішінде нашақорлықтың жастар өміріне кері әсері туралы ақпарат берілді.

«Балалар спортпен айналысуы керек. Үйде телефон, компьютерде ойнап отырғанша, спортпен айналысуы керек, қоғамның дамуына атысалысуы керек. «Таза Қазақстан» акциясын өткізіп жатырмыз. Мысалы, сенбіліктерге, ағаш отырғызу акцияларына қатысуы керек. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы оларды қоғамдық жұмысқа баулып жатырмыз», – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Оқи отырыңыз: Жұмыс істей алатындарды мемлекет өз қамқорлығында ұстамауы керек - Олжас Бектенов

Новости партнеров