Заңсыз айналымға үш компания қатысқан
Төлем терминалдары арқылы 200 миллиард теңгеге жуық қаржы аударылған. Қаржылық мониторинг агенттігі шетелдік интернет-казиноларды қаржыландыру схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Заңсыз айналымға үш компания қатысқан. Ақша аударымдары солар арқылы жүргізілген. Күдіктілер қаражаттың нақты мақсатын жасыру үшін төлемдерді тауарлар мен қызметтердің ақысы ретінде көрсеткен. Бұл үшін кәсіпкерлер мен түрлі компаниялардың деректерін пайдаланған. Алайда олардың кейбірі өз атынан ақша аударылып жатқанын білмеген. Схеманы ұйымдастырушы ұсталды.
«Жүргізілген операциялар көлемі 191 миллиард теңге. Ал есептелген комиссиялық сыйақы 286 миллион теңгеге жеткен. Қаражат шетелдік тараптарға соның ішінде криптовалюта арқылы аударылған. Қылмысты ұйымдастырған адам қамауға алынды. Сот рұқсатымен 4 көлікке және 103 миллион теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш айда 1,37 миллион TikTok видеосы жойылды