Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды
Солтүстік Қазақстан облысында болған өрттен жалғызбасты зейнеткер қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жайт Булаев қаласында болған. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде жалын үйді түгелдей шарпып үлгеріпті. Сондай-ақ баспана маңындағы қора-жай да отқа оранған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды. Ал күлдің астынан бірінші топтағы мүгедектігі бар 1955 жылғы ер адамның денесі табылған.
«Жалынды өшіруге біздің қызметкерлер де, Булаев қаласының өрт сөндіру бөлімі де атсалысты. Бұған дейін мұнда рейдтік іс-шаралар өткізілген еді. Үй иесімен мамандар, әкімдік өкілдері де тілдесіп, түсіндіру жұмысын жүргізген. Айта кету керек, бұл үйде өрт қауіпсіздігіне қатысты бірнеше мәселе тіркелгені де анықталып еді», – деді Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының бас маманы Евгений Журавлёв.
Оқи отырыңыз: Алматыда тазалаудың жаңа жүйесі әзірленді