Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды

Бұл оқиға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінен әскери қызметшінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға кеше болған. Келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери пәтерінде белдікке буынып, өзіне қол салған. Оқиғаға қатысты Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

 Болжамды ақпарат бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себеп-салдары анықталуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік  қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деді ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Семейде баланы қоқысқа тастап, өртеп жіберген

Новости партнеров