Шамшырақ – ұлттық рухтың бесігі: білім ордасында есеп беру кеші өтті

Биыл балабақша негізінде құрылған білім ордасының ашылғанына 10 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Шамшырақ – ұлттық рухтың бесігі» атты есеп беру концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Shamshyraq ұлттық мектебінің ұйымдастыруымен білім мекемесі мен балабақша арасындағы үздіксіз білім берудің жарқын үлгісін көрсеткен іс-шара ұлттық тәрбиені осы заманға сай әдіспен ұштастыруды көздейді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды сіңіруге бағытталған.

 «Шамшырақ ұлттық мектепте тәй-тәй басып келе жатқан балаларға ұлт тәрбиесін бойына сіңіреді деп енеміз», – деді ата-ана Талғат Дүйсебаев.

Іс-шара аясында абайтану және алаштану сабақтарынан көріністер, театрландырылған қойылым қойылып, ұлттық ән-күйлер орындалды. Сондай-ақ ұлттық би, хор және вокал топтары өнер көрсетті.

Айта кетейік, биыл балабақша негізінде құрылған білім ордасының ашылғанына 10 жыл толды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

Новости партнеров