Биыл балабақша негізінде құрылған білім ордасының ашылғанына 10 жыл толды
Алматыда «Шамшырақ – ұлттық рухтың бесігі» атты есеп беру концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Shamshyraq ұлттық мектебінің ұйымдастыруымен білім мекемесі мен балабақша арасындағы үздіксіз білім берудің жарқын үлгісін көрсеткен іс-шара ұлттық тәрбиені осы заманға сай әдіспен ұштастыруды көздейді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды сіңіруге бағытталған.
«Шамшырақ ұлттық мектепте тәй-тәй басып келе жатқан балаларға ұлт тәрбиесін бойына сіңіреді деп енеміз», – деді ата-ана Талғат Дүйсебаев.
Іс-шара аясында абайтану және алаштану сабақтарынан көріністер, театрландырылған қойылым қойылып, ұлттық ән-күйлер орындалды. Сондай-ақ ұлттық би, хор және вокал топтары өнер көрсетті.
Айта кетейік, биыл балабақша негізінде құрылған білім ордасының ашылғанына 10 жыл толды.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды