Оқушылар арасында өткен жарыс кезінде 18 адамнан бактериялық инфекция анықталды
Щучинск қаласындағы спорт мектебінде балалар жаппай уланды. Бурабай ауданында оқушылар арасында өткен жарыс кезінде 18 адамнан бактериялық инфекция анықталып, олардың 10-ы облыстық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір оқиғаға қатысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр, санитарлық тексеріс күшейтілді. Спорттық жарысқа барлығы 210 оқушы келген. Бүгінде 168 бала тексерістен өтті. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша, зардап шеккендердің арасында Қостанай мен Алматыдан келген 10 жастағы балалар және көрші елдердің қатысушылары бар. Ал жергілікті әкімдік бұл футбол турнирінің жекеменшік негізде ұйымдастырылғанын мәлім етті. Айтуларынша, жарыс жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген.
«Бурабай ауданындағы «Жақсы-2» спорт базасында балалардың жаппай улануына байланысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлігі «Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған іс департамент басшылығының бақылауында», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсынбаев
Оқи отырыңыз: Абай облысында биыл 5000-ға жуық бала лагерьде демалады