Биыл зиянкестермен күресте алғаш рет агродрон қолданылмақ
Оңтүстік өңірлерде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл зиянкестермен күресте алғаш рет агродрон қолданылмақ. Бұл бастаманы Қызылорда облысының мамандары қолға алып отыр. Шегіртке әсіресе егіс алқаптарындағы еңбекті зая еткен. Сондықтан зиянкестермен күресте агродрон таптырмас құралдың бірі. Мұндай құрылғылар арқылы егістік пен шабындық алқаптарды тез әрі толыққанды тазалауға болады. Жалпы, биыл Қызылорда облысы бойынша 60 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, соның 33 мың гектардан астамы дрон арқылы залалсыздандырылады.
«Дрон 50 келіге дейін көтере алады. Бұл дегеніміз 3 гектарға жуық залалданған жерлерді химиялық өңдеуге тиімді әсерін береді. Бір дрон тәулігіне 50 гектарға жуық химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізе алады. Бұл дрондардың тиімділігі түнгі мезгілде де жарық арқылы ұша алады», – деді аумақтық инспекция басшысы Мұхтар Оразбаев.
Оқи отырыңыз: Абай облысында ет өнімдерін өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды