Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы тамызда құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекара кеңістігінде 4 610 ҚР заңнамасын бұзушыны, соның ішінде: шекараны бұзғаны үшін 39 шетел азаматын, шекараны бұзу әрекеті үшін 25 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздің қызметінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, тамызда мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүкті заңсыз өткізудің 1 352 фактісінің алды алынды. Соның ішінде:
Каспий су айлағында 55 браконьерлік фактісінің жолы кесілді. Соның ішінде:
Осы фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"2025 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының учаскесіндегі «Кеген» (Алматы облысының Райымбек ауданы) автомобильдік өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне ауысты",-делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті заңсыз салынған қосалқы нысан сүріліп жатыр