Қаржаубай Нұрымов "бұзақылық" айыбымен 15 тәулікке қамауға алынды
Шерзат Болаттың ағасының өліміне байланысты жүргізілген сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабалайды Almaty.tv.
Оған сәйкес "марқұмның денесінен зорлық-зомбылық байқалмаған. Барлық белгілер асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті" делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, кеше Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкеткені белгілі болған. Бұл жағдай Нұрқанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін болған. Әкімшілік іс кеше түнде Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Қаржаубай Нұрымов "бұзақылық" айыбымен 15 тәулікке қамауға алынды. Ал оның қарындасы Бақыт Реимова "митингіге үндегені үшін" жауапкершілікке тартылды. Сот оны елден депортациялау жөнінде шешім шығарды.
Айта кетейік, Бақыт Реимова Қазақстан азаматы емес.
Нұрымовтың тағы бір қарындасына "бұзақылық" үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз: Шерзат Болаттың әкесі ұсталды