Шерзат Полат ісі: айыпталушы тараптың адвокаттары судья Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді

Өтініш қанағаттандырылмай, төраға Жанұзақов істі әрі қарай жалғастыратын болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы тараптың адвокаттары судья Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анығырақ айтсақ, процесс төрағасына Абзал Шынасылдың құқығын қорғаған Әбенов қарсылық білдірген. Ал қолданыстағы заң нормасына сәйкес, шағымды сол соттың судьясы Бейімбетов қарады. Бірнеше сағаттық үзілістен соң, шешімге сәйкес өтініш қанағаттандырылмай, төраға Жанұзақов істі әрі қарай жалғастыратын болды.

Айта кетейік, бұған дейін судьяның істен шеттетілуіне айыпталушы тараптың кей адвокаттары келіспейтінін айтқан.

«Өтініш хатпен келіспеймін. Себебі ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің 87-бабының талаптарында ол кісі келтірген өтініш хаттағыдай негіз жоқ. Ал негіз болмаса, әрине қарсымын. Оқиға болған орында Дархан Әскентайдың қолында бірдеңе болған дейді. Видеода анық көрініп тұр. Мүлдем келіспеймін қорғау тарапымен. Процесс созылып кетті», – деді айыпталушы Д. Әскентайдың қорғаушысы Мәулен Ержанов.

Айта кетейік, аталған сот отырысының бірінші бөлігінде сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов түсінік берген

Новости партнеров