Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талғар маңында қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы органдар оның өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Instagram парақшасында хабарлады. Алайда марқұмның туыстары бұл қорытындымен үзілді-кесілді келіспей, істі қайта қарауды талап етпек. Қорғаушының айтуынша, қылмыстық іс 7 айдан соң тоқтатылған.

Еске салсақ, Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі былтыр желтоқсанда Талғар маңындағы сайдан табылған еді. Іс суицидке итермелеу бабы бойынша қозғалған. Полиция марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бас есепші сотталды

Новости партнеров