Бақыт Реймованың 15 тәулікке қамалғаны, елден шығарылатыны туралы жазылған
Талғарда кісі қолынан қаза болған марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін Бақыт Реймованың 15 тәулікке қамалғаны, елден шығарылатыны туралы жазылған
– Мені де түсініңіздер. Екі бауырымнан айырылып отырған маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Біреу мені қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Мен де өз қатемді білем. Қазақ еліне басымды ием, рақмет айтам! Қаншама пікірді жылап тұрып оқыдым. Елден кетпес үшін мен үшін дұға жасап жатқандар бар екен. Рақмет! Алла разы болсын. Отбасыларыңыз аман болсын, – деді желіде тараған видеода Бақыт Реимова.
Оқи отырыңыз: Шерзат Болаттың әкесі ұсталды