Шерзаттың ісі: марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесіндегі жарақаттарға сараптама жасалды

28.05.2025 14:50

Сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетовтың айтуынша, жарақаттардан мүгедек болып қалу қаупі болмаған

Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талдықорғандағы процессте таңнан бері сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов түсінік беріп жатыр. Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесіндегі жарақаттарға сараптама жасаған ол «жәбірленушінің бас-ми сүйегі зақымданған» дейді. Ал қорғау тарабы қойған сұрақтар негізінен марқұмның кісі қолынан алған ашық, әрі ауыр зардабына бағытталды. Сарапшы жауабына сүйенсек, Ғайыпбаевтың оң жақ бөксе аймағынан көптеген пышақ жарақаты анықталған.

«Үш пышақ жарақаты қиғашынан, бір-біріне жақын орналасқан. Үшеуінің де қысқа уақыт аралығында жасалғаны айқын. Меніңше, Ғайыпбаев пышақтың жүзіне арқасымен тиген. Денсаулыққа аса ірі көлемде зақым келген дей алмаймыз. Бұл жарақаттардан мүгедек болып қалу қаупі жоқ», – деді сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов.

Оқи отырыңыз: Доландағы оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды