Оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Зайсан ауданы Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бума шөп жанып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан ары таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды.
«Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Оқи отырыңыз: Астанада көктайғақ салдарынан 16 көлік соқтығысты