ШҚО-да болашағы жоқ бірнеше ауыл картадан жойылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазақстанда кейінгі бір жылда 149 ауыл тарап кетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында болашағы жоқ бірнеше ауыл картадан жойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елдімекенді тарату туралы шешім қабылдады. 

Алтай ауданында үш ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.

"Таратылған ауылдар енді іргелес елдімекендердің құрамына кірді. Ленинск – Подорлёнок ауылының, Ландман – Малеевск ауылының, ал Кутиха – Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында екі елдімекен картадан жойылды. Заречное ауылы – Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы – Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр", – делінген мәслихат хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде кейінгі бір жылда 149 ауыл тарап кетті. Бұл тізімде Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр, яғни 45 елдімекен жабылған.

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: хакерлер мұғалімдерді нысанаға алды

Новости партнеров