ШҚО-да ер адамнан құны 1 млн теңгенің есірткісі табылды

Depositphotos
Depositphotos

Қазіргі уақытта «Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да полицейлер құны миллион теңге болатын мефедрон есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Облыстық ПД мәліметінше, Алматының 27 жастағы тұрғынын ұсталды. Жеке тінту кезінде одан қара және сары түсті таспамен оралған 33 түйіншек табылды. Ішінде ақ ұнтақ зат болған.

Сараптама нәтижесінде, бұл – жалпы салмағы 42,7 грамм мефедрон екені анықталды. Бұл – 40-тан астам бір реттік дозаның көлеміне тең. Қара нарықтағы бағасы бір миллион теңгеден асады.

«Қазіргі уақытта «Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің ауыр зардаптарын еске салады және азаматтарды өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ заңды қатаң сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Тауда құтқарушылар шетелдік туристерге көмек көрсетті

Новости партнеров