ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды

elements.envato.com
elements.envato.com

Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды.

"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид. Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады ҰҚК.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Оқи отырыңыз: Рудныйда жылу трассасы жарылып кетті

Новости партнеров