ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға 800 миллион теңге бөлінді

26.09.2024 18:58

Өңірде қауіпті аймақта 3,5 мың адам тұрады

ШҚО-да су басуы мүмкін аймақта 3,5 мың адам тұрады. Сондықтан бүгінде өзен жағасына жақын орналасқан ауылдарды қорғау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шығыс Қазақстан – еліміздегі су басу қаупі бар аймақтардың бірі. Облыста мұнда бұған дейін екі рет ірі су тасқыны болған. 2010 жылы 50-ден астам елдімекен су астында қалып, Тарбағатайдың өзінде 400-ге жуық үй қалпына келтірілген. Ал 2018 жылы апат Өскемде және Алтай, Шемонаиха, Глубокое аудандарында болып, 1000-нан астам тұрғын үй зақымданған. Сондықтан өңірде тасқынға мұқият дайындалады. Бірақ барлық қатерді алдын ала болжау мүмкін емес.

Прапорщиково ауылында көктемде Ертіс жағалауының опырылуы салдарынан жол мен шаруашылық құрылыстарын су шайып кеткен. Сондықтан мамандар зерттеуді осы арнадан бастады. Ал Наталья Мосиенко отбасы мен көршілерінің қауіпсіздігі үшін зерттеу ісін қадағаламақ.

"Құралды көптен бері күттік. Ешкім үйін тастап кеткісі келмейді. Биыл өте қорқынышты болды, 2 апта бойы ешкім көз ілмеді", – деді Глубокое ауданының тұрғыны Наталия Мосиенко.

Өзен жағасын нығайтып, арнасын тереңдету Глубокое ауданындағы 3 ауылдың тұрғындарын су тасқынынан сақтап қана қоймай, экологиялық апаттың алдын алады. Ертіске бұрынғы мыс балқыту зауытының қалдықтары түсуі мүмкін.

"Менің білуімше, мұнда 30 жыл бойы мүлдем жұмыс жүргізілмеген. Мыс балқыту зауытының қалдықтары үйіндіге айналған. Қазір олардың құлауы мүмкін", – деді Глубокое ауданы ТЖ басқармасының бастығы Константин Боровиков.

Жарты ғасыр бойы тұрған түйін шешілмек. Біріншіден, жер снаряды іске қосылған. Мердігерлер екіншісін қолға алды. Ал су тасқынына қарсы жұмыстар Катонқарағай, Алтай, Зайсан сынды аса қауіпті таулы аймақтар да жүргізілуде.

"Қазір жағалауды нығайтып, түбін тереңдетіп, автомобиль жолдарын су шаюдың алдын алу үшін қосымша су өткізгіштер орнатылып жатыр. Сондай-ақ халықты алдағы су тасқыны маусымынан қорғау үшін барлық іс-шаралар жүзеге асырылуда", – деді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Арман Наурызбаев.

Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шараларға 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жұмыстарды желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жансая Олжабек, Руслан Мұхамедьяров, ШҚО

Оқи отырыңыз: Егін ору науқаны: қызылордалық дихандардың жұмысына полиция неге кедергі жасады