ШҚО-да жасөспірім бала Ертіс өзеніне батып кетті

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға 12 маусымда болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында рұқсат етілмеген жерде шомылған жасөспірім бала суға батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше, 12 маусымда Ертіс өзенінің арнасындағы Кенді емес материалдар комбинаты ауданында болған.

«2008 жылы туған жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті. ТЖД сүңгуірлері суға батқан адамның денесін жағадан 25 метр қашықтан шығарды», - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД өкілдері шомылу үшін кезекші құтқарушылар бар және барлық қауіпсіздік шарасы сақталған, шомылуға арналған, рұқсат етілген, жабдықталған орындарды ғана таңдау қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам қаза тапты

Новости партнеров