ШҚО-дағы тасжолдардың бірінде қыстың соңына дейін көлік қозғалысы шектелді

04.11.2025 16:07

Шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді

Depositphotos

Шығыс Қазақстан облысындағы Өмеш асуы арқылы өтетін тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен мен Катонқарағай аралығындағы Өмеш асуы арқылы өтетін жолдағы шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай- Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ет бағасы келесі жылы да қазіргі деңгейде сақталу керек – Айдарбек Сапаров