Шомылу маусымында нені ескерген жөн

21.05.2025 21:59

Суға шомылу маусымы таяп қалды. Мұндай кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау – маңызды фактор. Алматы мен таулы аймақтарда барлығы 44 су айдыны бар. Ал оның тоғызы шомылу маусымында халық үшін аса қауіпті. Сондықтан суға түскенде сақтық керек. Нені білген жөн? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» теларнасының студия қонағы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов жауап береді.