Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

10.10.2025 13:46

Қазір аталған баспаналарды коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүріп жатыр

Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дәлірек айтсақ, 2019 жылы қала жастарына сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер берілген еді. Олар бұл баспананы 5 жыл жалдап тұруы керек болған. Бірақ тексеріс кезінде өз үйі бар азаматтардың да бұл бағдарламаны пайдаланғаны белгілі болды. Кейбірі тіпті пәтерлерді басқа адамдарға жалға беріп, пайда тауып отырыпты.

Қазір аталған баспаналарды коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Ал әкімдік өкілдері пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады дейді.  

«Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. 439 пәтерді бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап-арыздар түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды», - деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: 293 млн теңге салықтан жалтарған күдікті БАӘ-ден елге жеткізілді