Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды

12.12.2024 16:02

Бұл ьілім ордаларында балалар арасындағы буллинг жиілеп, суицидке бейімділік артқан

Шымкенттегі екі мектепте балалар арасындағы буллинг жиілеп, суицидке бейімділік артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Солардың бірі - №69 оқу ошағында кейінгі жылдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық көбейген. Проблемалық білім ордаларының қатарында №125 мектеп те бар. Білім басқармасындағылардың сөзінше, бұл оқу орындарында балаларды өз-өзіне қол салуға итермелейтін жағдай жиілеген. Сондықтан аталған білім ошақтарында буллингке қарсы бағдарлама енгізілді.

"Оқу-ағарту министрлігі KiVa бағдарламасын орнату үшін мектептерді анықтауды тапсырды. Біз осы екі мектепті бердік. Өйткені оқу ордасында соңғы жылдары кәмелет жасына толмаған балалар арасында құқықбұзушылықтың өсуі және суицидке бейім жағдай кездеседі", – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Дәрібаева.

Айта кетейік, мектептерге енгізілген бағдарлама негізінде оқушылар арасында әлімжеттік болса, жауапқа бала емес, ата-ана тартылады. Мұндай ереже тіпті заңда да көрсетілген.

"Егер баланың тәрбиесіне мән бермесе, мектепте ол әлімжеттік жасаса, жауапкершілігін ата-ана тартады. Ал жағдай қайталанса, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады және 5 тәулікке дейін қамаққа алынады", – деді заңгер Венера Нұрғалиқызы.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда лудоман өзгенің 14 млн теңгесін ұрлап, құмар ойынға салып жіберген