Алынған ақшаны ол қымбат көліктер мен пәтерлерге, жер телімдері мен бағалы қағаздарға жұмсаған
Шымкентте мектеп бухгалтері 451 млн теңгені қалтасына басқан. Тексеріс нәтижесінде күдіктінің қаладағы № 88 білім ордасында бас есепші қызметін атқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алынған ақшаны ол қымбат көліктер мен пәтерлерге, жер телімдері мен бағалы қағаздарға жұмсапты. Алайда бүгінде есепшінің қылмысы ашылып, сот алдында жауап беріп отыр. Кінәлі азамат айыбын мойындап, бұл ісіне өкінетінін айтқан.
«Сотталушы Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған. Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 3 және 5 жастағы балалар суға батып кетті