Шымкентте 7 адам өрттен құтқарылды
Almaty.tv
Қалада 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте 2025 жылғы 2 қаңтарда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға әл-Фараби ауданында Анарова көшесіндегі алты қабатты тұрғын үйде болған. Онда 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты.
"Жедел келген өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 7 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда", – делінген құтқарушылар ақпаратында.
Оқи отырыңыз: Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10