Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді құтқарды

26.10.2024 11:58

Бүгінде босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық

Аlmaty.tv

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді дәрігерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген.

«Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті. Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді», - делінген хабарламада.

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды.

«Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда», - делінген ДСМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Республика күнінде Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді