Шымкентте экстремистік әрекеттерге шақырған тұрғын сотталды

27.08.2025 14:43

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Аlmaty.tv

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экстремистік әрекеттерге шақырған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шымкент қалалық сотаныңы баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотталушы А.-ға ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен /экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру/ айып тағылған.

«2025 жылдың сәуір мен мамыр айы аралығында Шымкент қаласы бойынша департаменті No54 түзеу мекемесінің аумағында жасырын жиындар жасап, «Х...» экстремистік ұйымының көзқарастарына жататын радикалды жазбаларды оқып беріп, жиынға қатысушыларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген», - делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.

Сот жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында 5 жасөспірім баласы бар екенін, ал ауырлататын мән-жайларға қылмыстардың қайталануын жасағанын жатқызған.

«Сот А.-ны ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктерін қолданып түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жол шетінде тұрған жолаушыны "ГАЗель" қағып мерт қылды