Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан 5 жасөспірім ұсталды

04.11.2024 21:15

Күдіктілер әр "закладка" үшін 1500 теңгеден алған

polisia.kz

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді. Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Шымкент қаласында есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары. Күдіктілер әр "закладка" үшін 1500 теңгеден алған. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған. Ұстау барысында олардан "мефедронның" жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соңғы аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 кг синтетика тәркіленді. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын, ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.

Дереккөз: Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобын басқарады деп танылған Хасан Қасымбаев қамауға алынды