Шымкентте көлік жүргізушісі тепловозбен соқтығысты

21.07.2025 11:45

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, құрбан болғандар да тіркелмеді

Шымкент ПД

2025 жылғы 21 шілдеде сағат 07:30-да Шымкент станциясындағы «Санжар» ЖШС-нің жеке кіреберіс жолында BMW көлігінің жүргізушісі тепловозбен соқтығысып, жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, құрбан болғандар да тіркелмеді. Қазіргі уақытта жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жүргізушілерге теміржол өткелдері мен теміржол маңында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Мұндай аймақтарда немқұрайлы немесе абайсыз әрекеттер жол апатына және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда ірі қойма өртенді