Әзірге қаржы иесіне қайтарылған жоқ
Шымкентте 6-сынып оқушысы ойын ойнаймын деп, алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлдебіреу оған мобильді ойынның жетілдірілген аккаунтын сатпақ болған. Жеткіншек бұл ұсынысқа қызығып, анасының банк картасын суретке түсіріп, аударым жасауға арналған кодты жіберіпті. Салдарынан оқушы 2 миллион теңгеден айырылған. Ал шоттағы ақшаның жоғалғанын байқаған анасы бірден полицияға жүгінді. Әзірге қаржы иесіне қайтарылған жоқ.
«Интернет алаяқтық жасаған ер адам ұсталды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Мақсат Шегірбай.
Оқи отырыңыз: ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымын тоқтатты