Шымкентте өрттен 4 бала құтқарылды

05.10.2024 15:41

Зардап шеккендер болған жоқ

elements.envato.com

Шымкентте өрт сөндірушілер өрттен 4 баланы құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағлайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға қаладағы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.

«5-қабаттағы пәтерден өрт шықты. ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден қолмен көтеріп баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды», - делінген хабарламада.

Өрт 16 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді.

Зардап шеккендер болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық іздеуде жүрген моңғолиялық қылмыскер ұсталды