Шымкентте жасөспірім қыздар жыныстық құлдықтан құтқарылды

Олар жалдамалы пәтерден табылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте кәмелетке толмаған қыздар жыныстық құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

15 және 16 жастағы жасөспірімдерді әлдекімдер сексуалды қатынастарға мәжбүрлеп келген көрінеді. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған. Тексеріс барысында қыздардың бірі – Тараз, екіншісі – Алматы қаласының тумалары екені анықталды. Қос жасөспірімді үшінші мегаполиске 22 жастағы қыз алып келген. Ал жеткіншектер қайда, не үшін бара жатқанын білмеген.

«Қыздарды сайт арқылы полиция қызметкерлері анықтады. Ата-анасының өтінішімен сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. 26 наурызда орталықтан шығарылды, – деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Ғалия Сапарәліқызы.

Шымкентте соңғы 5 жыл ішінде 15 азамат адам саудасына тап болған. Олардың арасында көрші елдің тұрғындары да бар. Жәбірленушілердің дені – әйелдер. Кейбірі тіпті құлдықта балаларымен бірге болған.

«Бір кісі мүгедек болып келді. Ол кісіні қанау арқылы, қорқыту, үркіту арқылы адам саудасына салған. Екіншісі Өзбекстанның азаматы болды. Оны да алдап-арбау жолымен қойшыларға тамақ жасату бойынша алып барып, еңбек ақысын бермеген», – деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Ғалия Сапарәліқызы.

Оқи отырыңыз: «Бір реттік неке ұсынған тұрғын»: ҚМДБ Ақтөбедегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Новости партнеров