Шымкентте жеке кәсіпкер түрмеге телефон өткізбек болған

16.10.2024 08:27

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды

elements.envato.com

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемесінде болды. Жедел бөлімінің қызметкерлерімен өзіндік қауіпсіздік тобынын мамандары бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде мекеменің үшінші бақылап өткізу бекетінде жеке кәсіпкерге тиесілі автокөліктен ұялы телефондар мен сим карталар табылды. 

«Тексеру барысында 24 дана сенсорлы ұялы телефон, 7 дана құлаққап, 7 дана қуаттағыш, 4 дана сымсыз құлаққап және 7 дана белайн сим картасы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды» - делінген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Елордада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланды

Теги: түрме