Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды
Қайғылы жағдай оқшаулау жұмыстары кезінде болды. Оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Оқиға 26 тамызда сағат 14:30 шамасында болған. «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы оқшаулау жұмыстары барысында автокөтергіш аударылды. Оқиға салдарынан мердігер компания «КРС Астана» ЖШС-нің екі оқшаулаушы жұмысшысы қаза тапты.
— «ПКОП» ЖШС басшылығы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — деп хабарлады «PetroKazakhstan Oil Products» компаниясының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз: Елордада полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен екі ер адамды ұстады