Экологиялық акция Алматы тау кластерінің аумағында өтіп, оған қала әкімдігі, курорт әкімшілігі, табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты
Шымбұлақта Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кіші Алматы шатқалының орманын сақтап қалуға бағытталған экологиялық акция Алматы тау кластерінің аумағында өтіп, оған қала әкімдігі, курорт әкімшілігі, табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. Сенбі таңмен Шымбұлаққа жиналған халық алдымен шағын концерттік бағдарламаны тамашалап, сурет салу, қыштан бұйым жасау сынды арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.
Ал ағаш егу бастамасына Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы да қосылып, егілген ағаштың жалпы санына 60 көшет қоса екті.
«Бүгін – ерекше күн. Шымбұлақта ерекше акция өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, 2011 жылы қатты дауыл соғып, Кіші Алматы шатқалында 80 мыңнан астам тал-терек зардап шеккен. Біздің мақсат - соны қалыпқа келтіру. Өткен жылы 500 түп Тянь-Шань шыршасын ектік. Биыл да сол игі дәстүрді жалғастырып жатырмыз», – деді «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының директоры Ринат Әбдірахманов.
Оқи отырыңыз: Алматыда қонақ үй инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды