Шиелі ауданындағы ауруханаға МРТ аппараты қойылды

27.02.2026 15:47

Ауданаралық орталық көпбейінді ауруханада күніне 20 пациент тексеруден өте алады

Қызылорда облысында Шиелі ауданының тұрғындары магнитті резонансты томографқа түсу үшін облыс орталығына барып әуре болмайды. Бұл медициналық жабдық өңірде аудандар арасында алғаш рет пайдалануға беріліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауданаралық орталық көпбейінді ауруханада күніне 20 пациент тексеруден өте алады. Жаңа құрылғы онкологиялық, неврологиялық және жүрек-қан тамырлары сияқты күрделі ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, МРТ аппаратын жыл соңына дейін Жаңақорған, Арал, Қазалыда да іске қосу жоспарланып отыр.

«Бірінші рет Шиелі кентінде МРТ аппаратына түсіп отырмын. Бұған дейін адамдар Қызылорда қаласына барып, кезекке тұрып, біраз шығын болатын. Енді біраз жұмысты жеңілдетті», – деді Шиелі ауданының тұрғыны Қаршыға Жұманазарұлы.

Оқи отырыңыз: Щучинскідегі жойқын жарылыс: қайтыс болғандардың туысына 2 миллион теңгеден беріледі